«АКТ дамуы жағдайындағы заманауи білім беру жүйесі» тақырыбындағы облыстық семинар –кеңес

«АКТ дамуы жағдайындағы заманауи білім беру жүйесі» тақырыбындағы облыстық семинар –кеңес

2016 жылғы 11-12 қараша Зеренді ауданының №1 ОМ базасында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының» ұйымдастыруымен «АКТ дамуы жағдайындағы заманауи білім беру жүйесі» тақырыбындағы облыстық семинар –кеңес өтті.

Кеңеске аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері мен Дарынды балаларға арналған №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернатының өкілдері қатысты.

«Bilimland» платформасын, «Күнделік.кз» жүйесін қолдану сұрақтары қарастырылып, Зеренді ауданының №1 ОМ педагогтары АКТ элементтерін қолдану арқылы сабақ өткізсе, №1 облыстық мамандандырылған «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернатының мұғалімі білім беру процесіне робототехника элементтерін ендіру тәжірбиесімен бөлісті.

Семинардың мақсат, міндеттері: Қазақстанның ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатының шеңберінде әдістемелік қызмет ауқымын кеңейту, мектептерде АКТ қолдануын дамыту, педагогтар, мұғалімдер мен ата –аналар қауымының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағыттау, АКТ -ны ауылдық мектептердегі білім беру процесінде қолданып жүрген мұғалімдердің тәжірбиесімен таныстыру, бөлісу.

Аталған іс –шара барысында ашық сабақтар, коучинг өткізіліп, баяндамалар оқылды.

Автор: Аширбекова С.С.
Просмотров: 485
Дата создания: 14 Ноября 2016 г.
Дата редактирования: 14 Ноября 2016 г.